Еліміздің 8 өңірінде жол жабылды

660

0

Еліміздің сегіз өңірінде жол жабылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

«Ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ, қар аралас жаңбыр, жаяу бұрқасын, шектеулі көріну) еліміздің сегіз өңірінде Нұр-Сұлтан қаласындағы, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарындағы республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды», – деді Талғат Уәли.

Министрлік өкілі азаматтарды ауа райының өзгерістерін бақылауға шақырды.

« Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар.

Қыс маусымында көлікпен алыс жолдарға шықпас бұрын, ауа райы болжамын міндетті түрде зерделеген жөн», – делінген министрлік хабарламасында.

Қазақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<