Елімізге еркіндік сыйлаған күн

376

0

Биыл Шиелі ауданының құрылғанына 95 жыл толды. Осы кезеңде ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қарқынында оң өсім байқалады. Бүгін аудан әкімдігінің баспасөз орталығында аудан әкімінің орынбасары Алдабергенов Алмат Әбдуәзизұлы 25 қазан – Республика күні аясында аудан көлемінде өткізілетін іс-шаралар туралы жергілікті БАҚ өкілдеріне брифинг өткізіп, бұл мерекенің тарихи мәні зор екеніне тоқталды.

Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке. Сала басшысының айтуынша, Республика күнінің шараларын ауданымыздың 95 жылдық мерейтойы және «Алтын күз» мерекелерімен сабақтастырып өткізу жоспарланды. Арнайы кешенді іс – шаралар жоспары бекітілді. Мереке қарсаңында кент және ауылдық округ аймақтарында ақпараттық-насихат шаралары ұйымдастырылып, елді-мекендердегі, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар орналасқан ғимараттарға тақырыптық безендіру жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 19 қазан күні №45 «Ақ орда» мектеп – гимназиясында Шиелі ауданы қоғамдық даму бөлімінің тапсырысы аясында, «Жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен әйелдер арасында салауатты өмір салты негіздерін жетілдіру, белсенді өмір салтын ұстануға, бұқаралық спортты насихаттау мақсатында спорттық жарыс, №252 Г.Н. Ковтунов атындағы мектеп-гимназиясында Республикалық «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасы аясында этнос оқушылары арасында «Менің отаным – менің мақтанышым» атты қазақтың ақиық, лирик ақындарының жазған патриоттық бағытындағы өлеңдерін мәнерлеп оқудан сайыс ұйымдастырылса, 20 қазан күні «Арман» мәдениет үйінде ҚР ҰҚК шекара қызметкерлерін марапаттау мақсатында мәдени шара, аудан тұрғындары арасында «Шиелі марафон – 2023» марафоны өткізілді.

Барлық білім беру ұйымдарында 20-26 қазан күндері аралығында «Қазақстан – Республикам менің!» «Отаным – бақыт ордасы» «Тәуелсіз елім – тірегім, самғауыңды тіледім!» атты патриоттық шаралар өткізілуде.

22 қазан күні «Менің Қазақстаным!» атты Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала концерт және сала үздіктерін марапаттау шарасы өтті. 23 қазан күні №244 орта мектебінде Қоғамдық даму бөлімінің ұйымдастыруымен ауған,тәжік-ауған соғысы және желтоқсан оқиғасына қатысушыларымен «Егемендігім – елдігімнің белгісі» атты кездесу жоғары деңгейде өтті. 24 қазан кітапханашылар күніне орай Шиелі аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «Киелі мекен, Шиелі екен» атты салтанатты мерекелік шара өтті. 24 қазан күні «Арман» мәдениет үйінде «Егеменді Тәуелсіз Қазақстан» атты салтанатты мерекелік шара және №127 мектеп-лицейінде «Рәміздер – елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі» атты семинар, Жастар ресурстық орталығында Батыр ана, Күміс алқа иелерімен жас аналар арасында кездесу кештерін өткізу жоспарлануда. 26 қазан күні Республика күніне орай аудандық перзентханада жас аналарды құттықтау шарасы өтеді.

25 қазан – Республика күніне орай БАҚ-та, интернет ресурстар мен әлеуметтік желілерде арнайы айдарлар ашып, тақырыптық мақалалар, патриоттық бағыттағы посттар, тақырыптық бейнероликтер мен бейнесюжеттер #Республикакүні хэштегтерімен жарияланып, мерекенің маңыздылығы жалпыхалыққа кеңінен насихатталуда.

Мереке күндері қоғамдық пікір көшбасшыларының, шығармашыл зиялы қауым, этнос өкілдерінің,әр түрлі салада қызмет жасайтын өңірімізден тыс аймақта тұратын жерлестеріміздің мерекелік құттықтаулары әлеуметтік желі парақшаларында ұйымдастырылатын болады.

Брифинг соңында аудан әкімінің орынбасары А.Алдабергенов барша аудан халқын айтулы мерекемен құттықтап, ұлттық мерекеде елімізге береке, бірлік, тыныштық тіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<