Елордалықтар МӘМС-ке 30,5 млрд теңгеге жуық жарна аударған

444

0

«Жыл басынан бері, яғни 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында МӘМС үшін елордалықтардан 30,5 млрд теңгеге жуық жарна аударымдары түскен. Ал осы жылдың қыркүйек айында медициналық сақтандыру үшін  3,6 млрд теңге аударды», деп хабарлайды Egemen.kz Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2021 жылдың 30 қыркүйегі аралығында медициналық сақтандыру үшін жинақталған жарнаның жалпы сомасы 88,5 млрд теңгені құрады.

«2021 жылдың қыркүйек айында медициналық сақтандыру үшін елордалықтар 3,6 млрд теңге жарна аударған. Оның ішінде жұмыс берушілердің аударымдары 1,7 млрд теңге, ал жеке кәсіпкерлерден түскен жарна – 1,9 млрд теңге. Осы жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша 14 223 адам бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) бойынша МӘМС-ке жарна төлеген.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін түскен барлық жарна аударымдары, яғни жинақталған қаржы, сенімгерлік басқару туралы жасалған келісімшартқа сәйкес, Ұлттық банкте сақталады да, медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жасап, тексергеннен кейін ғана Қор жеткізушілеріне төлем жүргізіледі», дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Медициналық сақтандыру қоры пациенттер құқығын қорғайды. Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда:  

Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
@saqtandyrybot телеграмботы
1406 байланыс орталығы
Қордың fms.kz сайты

Көрсетілген кері байланыс арналары арқылы Қорға хабарласуға болады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры  өтінішіңізді қарап, тиісті шара қабылдайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<