Емхана филиалы ашылды

1193

0

Бүгін №3 қалалық емхана филиалы «Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығының» ресми түрде ашылу салтанаты болды. Шараға облыс әкімінің орынбасары Шәменова Балжан Мөрәліқызы қатысып, жаңа орталық жұмысына сәттілік тіледі.

Орталық ауысымына 50 адам қабылдауға арналған. Заманауи үлгідегі медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген, бөлмелердің жабдықталуы санитарлық талаптарға сай ұйымдастырылған.

Барлық бөлмелерде компьютермен және интернет байланыспен қамтамасыз ету деңгейі 100% құрайды.

Орталықта кепілдендірілген көлемдегі тегін медициналық көмек көрсету және міндетті әлеуметтік медициналық көмек, алғашқы медициналық санитарлық көмек, алдын алу және әлеуметтік – психологиялық көмек көрсету түрлері бар.

«Астана», «СПМК-70» мөлтек ауданының тұрғындары ендігі кезекте жақын жерден дәрігерге қаралып, медициналық қызметтің барлық түрін алатын болады.

Бұрын халық 3 км қашықтықта орналасқан емханаға барып қаралатын болса, енді бұл аудан тұрғындары жақын жерден медициналық қызмет алатын болады. Мұның барлығы медициналық қызметке қолжетімділік, халықтың игілігі жолындағы атқарылып жатқан жұмыстар.

Бүгінде N3 қалалық емханаға тіркелген жалпы халық саны – 66777 құрап отыр. Ал «Астана», «СПМК-70» ауданы бойынша орталыққа тіркелген жалпы халық саны – 12 166. Оның ішінде: Ересектер – 7500, балалар саны – 4666, 1 жасқа дейінгі бала саны – 393, туу жасындағы әйелдер саны – 3003 ді құраса, жүкті әйелдер саны – 170. Мүгедектер саны – 172, диспансерлік есепте тұратын науқастар саны – 1396. Жұмыс жасайтын медициналық қызметкерлер саны жалпы – 47, оның ішінде дәрігерлер саны – 11,
орта буын қызметкерлер саны -31 болып отыр. Психолог маман қызметі де қарастырылған. Орталықта әлеуметтік қызметкер де жұмыс істейді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<