Емханаға қалай тіркелуге болады?

827

0

Елімізде 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін емханаға тіркелу науқаны басталып кетті. Сіз өз емханаңызға тіркеліп үлгердіңіз бе?


Egov.kz порталы арқылы:


📌Egov.kz порталына кіріңіз;


Іздеу жолында «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» деген қызмет атауын теріңіз;
Қызметті онлайн сұратыңыз;

Бірінші қадамда сіз кімді тіркейтініңіз (балаңыз/өзіңіз) және тұрғылықты жеріңіз туралы ақпаратты енгізесіз;
Медициналық ұйым атауын және дәрігеріңіздің аты-жөнін таңдаңыз;
Мекенжайыңыз бен байланыс нөміріңізді көрсетіңіз;
Келесі қадамда енгізген мәліметтеріңіздің дұрыстығын тексеріп, қызмет мәртебесімен таныс болыңыз;
Нәтижені жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан біле аласыз.

Телеграм бот арқылы:
Телеграмдағы EgovKzBot2.0 ботына кіріңіз;
Теру жолынан көрсетілетін қызметтер тізімін ашыңыз;
Денсаулық сақтау батырмасын басыңыз;
Медициналық ұйымға месенджер ақылы тіркелу батырмасын басыңыз;
Қызметті кімге алатыныңызды көрсетіңіз;
Мекенжай мәліметтерін растаңыз;
Тұрғылықты өңіріңізді көрсетіңіз;
Емхананы таңдаңыз;
Тіркелу себебі мен дәрігердің аты-жөнін көрсетіңіз;
Бот сіздің өтінішіңіздің нөмірі мен тіркелгендігіңіз туралы ақпаратты бірден көрсетеді.

Емхана арқылы:
Жеке куәлік және басқа да денсаулығыңызға қатысты құжаттарды емхананың тіркеу бөліміне көрсетіп, өтініш қалдырыңыз.

Қызмет көрсету мерзімі – 1 жұмыс күні
Қызмет нәтижесі:
Емханаға тіркелгендігі туралы медициналық ұйымның ЭЦҚ-сымен расталған электронды талон.

Ескерту, қызметті алмас бұрын тіркеуге тұрғыңыз келген емхананың дұрыс атауы мен дәрігердің аты-жөнін алдын ала біліп алған абзал.

Емханаға тіркелген кезде, бұрыңғы тіркеуден автоматты түрде шығасыз.

Дендеріңіз сау болсын, өзіңізді күтіп, қызметті үйден алыңыз!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<