Еңбек нарығындағы жағдай қалай?

439

0

Фото: ашық дереккөз

Қызылорда облысында 2022 жылдың IV тоқсанында 332,5 мың адам жұмыспен қамтылды. Бұл туралы ҚР СЖРА ҰСБ Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы хабарлады.

Жұмыспен қамтылған халық арасындағы жалдамалы қызметкерлер саны аталған кезеңде 224,3 мың адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 67,5%), жалданбай жұмыс істейтін қызметкерлер – 108,2 мың адамды (32,5%) құраған. Жұмыссыздар халық саны 16,9 мың адамды құрап, жұмыссыздық деңгейі 4,9% белгіленді.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<