Еңбек ұжымымен кездесті

523

0

«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Светлана Иманқұлова мен аталған ұйымның облыстық филиалы жетекшісі Раушан Үмбетова  «Сыр медиа» серіктестігінің ұжымымен кездесті.

Кездесуде БАҚ өкілдерінің түйткілді мәселелері сөз болды. Ұжым атынан сөз алған бас директордың бірінші орынбасары Марат Аралбаев журналистердің әлеуметтік мәртебесі,  тағы басқа мәселелерді ортаға салды.

Светлана Кеңесқызы өтініштерді министрлікте өтетін жиындарда көтеретінін айтты. Кездесуде  ұжымда белсенді еңбек етіп жүрген сайт әкімшісі Бақытжан Салмырза мен серіктестік қызметкері Гүлнар Садақбаева «Еңбек даңқы»  төсбелгісімен марапатталды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<