Еркін күрестен ерлеп тұр

518

0

Алматы қаласында күрес түрлерінен Қазақстан біріншілігі өтуде. Боз кілемдегі белдесулер 21-26 қараша аралығында өткізіледі.

Жарыстың алғашқы үш күнінде еркін күрес шеберлері сынға түсті.  Жарыс жеңімпаздары қатарында қызылордалық балуандар да бар.  Жерлесіміз Дәулет Ниязбеков 65 келіде қарсылас шақ келтірген жоқ. Ол финалда қарағандылық Әділ Оспановты жеңді. Осылайша Дәулет еліміздің 8 дүркін чемпионы атанды. Естеріңізге сала кетелік, Дәулет  2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, үш рет Азия чемпионы атанған. Былтыр Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды.

Ел біріншілігінде 79 келі салмақта ұлттық құрама мүшесі, қызылордалық Ғалымжан Өсербаев ақтық сында Алматы облысының өкілі Рус­там Мырзағалиевті 11:0 есебімен ұтты. Осылайша Ғалымжан ел біріншілігінде бесінші мәрте чемпион атанып отыр.

Сондай-ақ, ел біріншілігінде 74 келіде Қанат Мұсабеков күміс, 97 келіде Бекзат Тəжі  қола жүлде алды.

Еркін күрестен  2 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль алған қызылордалық балуандар жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<