ЕРІКТІЛЕРІМЕН ЕРКІН КЕЗДЕСУ

332

0

Жуырда техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментініңмамандары «Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының жанынанқұрылған «Жас патриот» еріктілерімен кездесті. Жиынға облыстық «Жас Отан» ЖҚтөрағасы Т.Тілес, облыстық ішкі саясат басқармасының мамандары, мемлекеттікстандарттау басқармасының инспекторлары және ерікті топ мүшелері қатысты. 

 

Кездесубарысында департамент мамандары «Қазақстан Республикасының Мемлекеттікрәміздері туралы» Заңындағы нормативтік құқықтық актілер жайлы түсіндірмежасады. Сонымен қатар, ҚР СТ 988-2007 «Қазақстан Республикасының мемлекеттіктуы. Жалпы техникалық шарттар», ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан РеспубликасыныңМемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» стандарттарына тоқталып, аталғанстандарттардың талаптары жайлы айтты.

Өзкезегінде «Жас патриот» еріктілері алдағы уақытта мемлекеттік рәміздердіңстандарт талаптарына және орналастыру ережесіне сәйкес қолданылуын өздерінің бақылауына алатындықтарын жеткізді.

М.ОТАРАЛЫ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<