Есепші – қызықты мамандық

1031

0

Бүгінгі таңда бухгалтер – экономика және қаржы саласындағы ең сұранысқа ие мамандық. Жалпы, қай заманда болмасын есеп пен жүйе артта қалған емес. Осы орайда біз өз мамандығымыз жайлы сыр шертпекпіз. Қызығы мен шыжығы мол бұл қызметте асқан жауапкершілік ұдайы бірінші орында тұрады.

Біз облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/5  мекемесінің есеп бөлімінің есепшілері мамандығымызға ерекше ілтипатпен қараймыз. Сан алуан тағдырларды тоғыстырған бұл мекемеде есепшінің рөлі өте маңызды. Себебі, атқаратын қызметтеріміз – сот шығынының үкімін өндіру, яғни жазасын өтеушілердің жеке немесе заңды тұлғаларға зиян келтірген материалдық шығындарын өтеп беру бойынша қызметтер атқарамыз.

Бүгінгі таңда есеп бөлімінде қызметінің қыр-сырын жітік меңгерген 8 қызметкер жұмыс атқаруда. Қызметкерлердің барлығыда жоғарғы білімді мамандар. Жұмыс істеу барысында табандылыққа, шыдамдылыққа, әр істің егжей-тегжейне назар аударып, көп ақпаратпен жұмыс жасап,  талдап, қорытындылап әр іске ерекше мән беріп келеміз. Нақтылық пен ұқыптылық маңыздырақ біздің салада еңбегіміз еленіп келеді.

Гүлназ МҰРАТБАЙ,

мекеменің қызметкері

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<