Қазіргі таңда есірткі мәселесі қоғамдағы ең өткір әрі өзекті тақырыптардың бірі болып отыр. Ол адамның денсаулығына ғана емес, рухани әлеміне де үлкен зиян келтіреді. Есірткі тек жеке адамды емес, тұтас отбасыны, қоғамды құлдыратады, ұрпақ болашағына қауіп төндіреді. Сондықтан әрбір адам есірткіге «жоқ» деп айтуды өзіне міндет деп білуі тиіс.
Есірткі адам ағзасын іштен бұзып, қысқа уақыт ішінде толықтай тәуелді етеді. Алғашқыда жеңіл көрінген тәуелділік ауыр сырқатқа, өмірден түңілуге, тіпті өлімге апарады. Оның салдарынан қаншама отбасы қасірет шекті, қаншама жас өз болашағынан айырылды.
Жас тілші ретінде біз қоғамға салауатты өмір салтын насихаттап, есірткісіз өмірдің артықшылығын көрсету арқылы болашақ ұрпақ үшін дұрыс бағыт-бағдар ұсынуға міңдеттіміз!. Жастар, өз өміріңізді бағалаңыздар, болашағыңызға жауапкершілікпен қараңыздар! Есірткіден бас тарту – бұл өзіңізді, жақындарыңызды қорғау және болашағыңызға сенімді қадам жасау.
Біздің әрбір үндеуіміз есірткіге қарсы күресте маңызды құрал болмақ. Есірткіге «жоқ» деп айтуға шақыру – бұл тек сөз емес, бұл – ұлттың, ұрпақтың, болашақтың тағдырына үлес қосу.
Бірігіп, есірткісіз қоғам құру жолында еңбек етейік!
Еркебұлан Қосанов,
14 мектеп-лицей
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<