Есірткісіз өмір – ғажайып

930

0

  

Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан

 жарияланған байқауға

Есірткінің зиян екенін біле тұра тасымалдаушылар жасөспірімдерді нысанаға алған. Балалар балалықтың буымен әдепкіде қызығушылықпен әуестенсе, кейін есірткіден бойын аулақ ұстай алмай қалатын жағдайға жетуі мүмкін. Ол кезде тым кеш қалады. Сол себепті, алдымен жастарға есірткінің барынша зиянды дүние екенін түсіндіре білген жөн. Әсіресе, ақылы енді қалыптасып келе жатқан жеткіншектер бұл қауіптің тұзағына тез түзеді. Кейбір жастардың еліктігіштігін, қызығушылығын, сенгіштігін пайдаланып есірткіні сату, жарнамалау жұмыстарына жұмсайды.

Өмірдің ғажабы, қызығы осы екен деп, дәмін татқан жас буын шырмауықтай шырмалып,қара түнектен шыға алмай басы айналып қалатындай. Осындай жандарға қол ұшын созып,көмек беретін жандардың сөзін тыңдайтын жас буын санаулы. Егер өз өмірлерін қолға алып,болашағына балта шаппай, алға асқақ мақсат қойып соған жететін жол іздеп еңбектенсе өмірдің керемет екенін сезінер еді. Кейде адамдардың осындай жеңіл қадамға баруы еңбексүйгіштік қасиеттерінің жоқ болып, жеңіл дүние табамын деп адасуы ма деп ойлаймын. Адам болып дүниеге келгесін артымызға жарқын із қалдырып, болашағымыздың іргесін мықты қалау міндетіміз. Есірткіге тәуелді болмай, өмірімізді ғажап ету өз қолымызда. Өміріміз жарқын, болашағымыз нұрлы болсын! Шәкәрім Құдайбердіұлы атамыз өзінің бір сөзінде:

«Өз ойыңды мазалап,

Өз бойыңды тазалап,

Өзіңмен күрес өлгенше»-деген еді.

Өзге емес, өзіңмен күресу, жаман әдеттерден аулақ болып тура жолдың тізгінін ұстау қажет. Бүгінгі күнің сенің қалған өміріңнің бірінші күні. Демек, отбасы мен денсаулық қадірін білген адам өмірін дұрыс сүре біледі деген сөз. Осы турада дұрыс өмір сүре білу деген сөздің өзі терең мағынаға сілтеме жасап тұрғандығын көре аламыз. Нашақорлықтың салдарынан сан отбасының шырқы бұзылып, бала болашағы құртылып, материалдық та шығынға батып, қысқасы, өз қолынан өзі мәселе тудыратын осындай қатерлі өткелден аман болуға шақырғым келеді.

Жансая ҚУАНДЫҚ,

№171 Ғани Мұратбаев атындағы орта мектептің оқушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<