Есірткісіз өмір ғажайып

246

0

Сурет ашық дереккөзден

Өмір адамға берілген үлкен сый. Ал денсаулық және денеміз бізге берілген аманат. Демек сол аманатқа қиянат жасамай өмір сүру – бізге парыз.

Бүгінде нашақорлық үлкен деңгейде белең алып отыр. Әсіресе есірткі тұтынушылардың басым бөлігін жастар құрауда. Олардың еліктегіш қасиеті осы кеселге тәуелді етіп отыр.

Адам және оның денсаулығы – басты құндылық. Ал дені сау ұрпақ – ел болашағы. Ендеше, достар! Еліміздің басты капиталына айналған адам өмірін сақтап, салауатты өмір салтымен айналысуға шақырамын! Бір сәттік елітумен бүкіл өміріңді мәнсіз өткізуге асықпаған дұрыс.

Мен күнделікті өз-өзімді тәрбиелеп келемін. Алдыма мақсат қойдым. Мен есірткісіз өмірді таңдаймым. Сол мақсатқа жету үшін адами құндылықтарды бағалай отырып, «өз өмірім өзіме құнды» деген қағиданы басты назарда ұстаймын.

Өмірдің әрбір сынақтарынан сүрінбей өту – әрбір тірі пенденің басты парызы. Сондықтан мен өзімнің арманыма жету жолындағы кез-келген қиындықтармен күресетін боламын. Сені де ғажайып өмір сүруге шақырамын, жас дос!

Бекжан Жұмабек,

№9 дарынды балаларға арналған

білім-инновациялық лицейінің 8-сынып оқушысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<