Ескерткіш белгі қойды

426

0

Сурет Шиелі ауданы әкімдігінің фейсбук парақшасы

Бүгін Түркі әлемінің көсемі Мұстафа Шоқай бабамыздың кіндік қаны тамған Сұлутөбе ауылдық округіне қарасты, «Наршоқы» елді мекенінде ұрпақтарының ұйытқы болуымен ескерткіш белгі қою рәсімі өтті.

Салтанатты жиынға Түркияның Мимар Синан көркемөнер университетінің профессоры Әбдіуақап Қара, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов, мемлекет және қоғам қайраткері, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті «Мұстафа Шоқай» ғылыми орталығының ғылыми жетекшісі Әбдіжәлел Бәкір, Түркия, Күтахия Думлупынар университетінің профессоры Веджихи Сефа Фуат Хекимоғлы және тағы басқа зиялы қауым өкілдері қатысты.

Жиын соңында Сұлутөбе ауылдық округіндегі «Жаназар батыр» кесенесінде, Мұстафа Шоқайдың әруағына құран бағышталып, ас берілді.

Айта кетейік, Мұстафа Шоқай бүкіл ғұмырын Түркістан автономиясын құрып, Түркі мемлекеттерін бір шаңырақтың астында біріктіру идеясына арнаған біртуар азамат. Сол мақсат үшін қаншама қайғы мен қасіретке толы «тар жол тайғақ» кешуге мәжбүр болды. 21 жыл Еуропада эмиграцияда жүріп, қазақтың бостандығы үшін күресумен болды. Тіпті, Парижде жүріп, «Жас Түркістан» журналын шығарды. Өмірінің соңғы сәттеріне дейін Түркі елдерінің азаттығын аңсап өтті.

Шиелі ауданы әкімідігінің

баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<