Еліңнің ертеңі болуға асық!

375

0

Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ тарапынан жарияланған сайысқа
Есірткі –  аты айтып тұрғандай, адам баласын есіртіп, жамандық атаулыға қадам жасауға, жақсы жолдан тайдыратын адам денсаулығына зиянды зат. Бүгінгі күні осы мақаланы өзіммен қатар замандастарыма үндеу ретінде жазғым келді. Адам өміріне қауіпті бұл зат қазір ауылдық жерлерде, елдімекендерге есірткіге еліткен жастар көптеп кездесіп жүр. 
Нашақорлық – бұл есірткі заттарға еріксіз тартып тұратын, ағза қызметін қайтымсыз бұзылуларға алып келумен сипатталатын ауру. Есірткі санаға, миға әсер ететін заттар болып табылады. Есірткі – адам психикасының жағдайын, көңіл-күйін, санасын, айнала қоршаған әлемді қабылдауын, тәртібін өзгертетін заттар. Әдетте есірткілерді пайдалану қызығушылықтан басталады. Адам өзіне беймәлім нәрсені татып көруге талпынады. Ал кейбіреулер есірткінің көмегімен қиындықтарды жеңіп, өмірдің ащы шындықтарынан алыстағысы келеді. Бірінші рет көргенде ләззат алып, сосын адам тәуелді болып, іздеумен болады. Сөйтіп, қас-қағым сәтте нашақорға айналып шығады. Есірткі – орталық жүйке жүйесіне әсер ететін қоздырғыш зат. Есірткіні бірінші рет қолданған мөлшердің әсері 3-4 сағатқа дейін сақталады. Мөлшерден тыс пайдалану жүректің тоқтап қалуына, өлімге әкеліп соқтырады. Есірткінің кейбір түрлері ауырғанды басу, тыныштандыру мақсатында тек мөлшерімен ғана медицинада қолданылады 
Жастарға қарап денсаулықтың маңыздылығы соншалық қадірсіз екені жаныңды ауыртады. Өзін-өзі орнықтыру, әуес көру, топқа үйірсектік, жанұядан кетіп қалу, еліктеуге ұмтылу, құрбылары ортасында қалыптасқан дәстүр мен нормалар жасөспірімдердің есірткі қолданылуына әкеліп соғады.  Әр адам өз денсаулығына өзі жауапты. Абай атамыз айтқандай бес нәрседен қашық болып, жаман әдеттерге әуес болмай, жақсылық атаулы бес нәрсеге асық болғанымыз, салауаттылық пен спортты серік етсек, біздер алмайтын қамал болмайды. Есірткіге елтігенше, еліңнің ертеңі болуға асық!
Нұрғалиевтар отбасы, 
Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицей,
Қызылорда қаласы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<