«Евровидение-2024» байқауы қайда өтетіні белгілі болды

526

0

Келесі «Евровидение» ән байқауы 2024 жылдың 7, 9 және 11 мамырында Швецияның оңтүстігіндегі Мальме қаласында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Мальмеге қайта қош келдіңіздер! Мальмеде 2024 жылдың 7, 9 және 11 мамырында үшінші рет Eurovision өтеді», – делінген байқауды ұйымдастырушылардың мәлімдемесінде.

Жарысты өткізуге Швецияның бірнеше қаласы қызығушылық танытты. Оның ішінде Стокгольм, Гётеборг және Эрншёльдсвик бар. «Евровидения-2024» байқауының атқарушы продюсері Эбба Адилссонның айтуынша, 2013 жылғы жарыстан соң Мальмеде заманауи орындар пайда болған. Сондықтан қонақтар мен қала тұрғындарына мерекелік іс-шараларға белсенді қатысу ұсынылып отыр.

Еуровидение байқауы әнші Лориннің биылғы жеңісінен кейін Швецияда өтпек. Жартылай финал 7 және 9 мамырда, ал финал 11 мамырда Malmö Arena-да өтеді.

Корольдік осы уақытқа дейін халықаралық жарысты алты рет өткізген: үш рет Стокгольмде, екі рет Мальмеде және бір рет Гетеборгта.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<