Форумда өзекті мәселе талқыланды

285

0

Қызылорда облысы прокуратурасының ұйымдастыруымен «Азаптаудың алдын алудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы форум өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – азаптаудың алдын алу шараларын пысықтау және қызметкердің санасында азаптауға мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру.

Форумға Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі, азаптауға қарсы үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, құқық қорғау және арнайы орган басшылары мен қызметкерлері, судьялар, адвокаттар мен кәсіби сарапшылар қатысты.

Облыс прокуроры Р.Ожаров азаптаудың алдын алуға бағытталған кешенді шараларға тоқталды. Кейінгі жылдары азаптау деректері бойынша 9 полиция қызметкерінің 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталғанын нақты мысалдармен көрсетті. Бұған жол берген органның бірінші басшысының сөзсіз қызметінен босатылатынын ескертті. Ұжымда азаптау көріністеріне сыни көзқарасты қалыптастыруға және оған қоғам болып қарсы тұруға шақырды.

Қатысушылар проблемалық мәселелер мен оларды тиімді шешу жолдарын талқылап, бірлескен жұмысты нәтижелі атқаруға ортақ ұмтылысын білдірді.

Іс-шараны қорытындылаған Р.Ожаров азаптаудың алдын алу бағыты бойынша сындарлы диалог үшін прокуратура органдарының әрдайым ашық екенін атап өтті. Профилактикалық шаралардың пәрменділігін арттыру жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

Қызылорда облысының прокуратурасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<