Газға қосылар күн жақын

517

0

Шиелі ауданына қарасты Жаңатұрмыс ауылдық округіне газ тарту жұмыстары 20 мамырда басталды, жоспарға сәйкес ол қазан айының соңына дейін пайдалануға берілмек.

Мердігер мекеме – «Сапақ» өндірістік кооперативі. Кооператив «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020»  бағдарламасы аясында 25 адамды еңбекке тартқан.

Жоба бойынша газ құбырының ұзындығы 17 км құрайды. Қазіргі таңда барлығы 14,7 км газ құбыры жүргізілген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<