Ғылымды қарзыландыру көлемі артты

165

0

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ғылыми зерттеу жұмысын жалпы қаржыландыру көлемі өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға өсті, – деп хабарлайды университеттің медиа орталығы.

Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыру негізінде орындалатын жобалар саны да 20%-ға артты. Бұл көрсеткіш бойынша отандық жоғары оқу орындары арасында университет 17-орында тұр.
2020-2021 оқу жылында Халықаралық грант негізінде орындалған 1 жоба аяқталып, тағы 1 жоба бойынша жұмыс басталды.
Ғылыми зерттеулер нәтижесі бойынша жарияланымдар саны үнемі өсіп келеді. WоS, Scopus деректер базасындағы ғылыми мақалалар саны 2019-2020 оқу жылымен салыстырғанда (56) 2020-2021 оқу жылында 2 есеге (108) өсті. Аталған базаларда университеттің 90 ғалымының Хирш индексі анықталды. Бұл көрсеткіш 2019-2020 оқу жылында 41 болған еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<