Халықтың құрметіне бөленді

623

0

Бүгін Жалағаштықтар халықтың мақтанышына айналған, «Қазақстанның Еңбек Ері», Алтын Жұлдыз бен «Отан» орденінің иегері Шағыртаев Имамзада Қуанышбайұлын құрметпен күтіп алды.

Облыс әкімінің орынбасары Шермағанбет Мейрамбек Зинабдинұлы Жалағаштық жұртшылыққа елден шыққан еңбең ерінің Сыр елінің мақтанышына айналғанын жеткізді.

Сондай-ақ, аудан әкімі Ибраимов Ардақ Әбдіғаппарұлы Шағыртаев Имамзада Қуанышбайұлына құрметін жеткізіп, халықтың атынан шапан жапты.

Сонымен қатар, еңбек ерінің туған жері Жалағаш ауданы, Таң ауылының тұрғындары батыр ұлын қуанышпен қарсы алды. Ауылдың дамуына орасан зор үлес қосқан арда азаматтың еңбегін ауылдас ардагерлер мақтанышпен айтты.

Ел мерейін үстем еткен мерекелік күнде сөз алған Шағыртаев Имамзада Қуанышбайұлы Бұл жетістік бір адамның ғана емес, барша Сыр елінің жетістігі. Ел президентінің сенімін ақтап, бұдан әрі туған жердің дамуына үлес қосар қарқынды жобаларды қолға алатынын жеткізді.

Айта кетейік, Республика күні қарсаңында жерлестеріміз техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық академиясының академигі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы және Қызылорда облысының және Жалағаш ауданының Құрметті азаматы Баймаханов Қожахмет Мәдібайұлы «Парасат» орденімен марапатталды.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласында өткен салтанатты шарада Әлиев Садық Әлиұлы мен Сүлейменов Кенжеғара ағаларымыз «Құрмет Орденімен», облыстық білім басқармасының басшысы Есжанов Асқарбек Темірбекұлы және «Таң ЛТД» серіктестігінің сушысы Үрмет Қазихан Шәдмаханұлы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Бұл Сыр өңірі оның ішінде Жалағаш ауданының халқы үшін зор мақтаныш деп есептейміз! Мереке құтты болсын!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<