IESO-2021: Жас зияткерлерлердің жүлдесі

837

0

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушылары Жангерей Зинелов пен Данагүл Келдібай Халықаралық IESO олимпиадасының жекелей есебінде қола жүлдегер атанды.

14 рет жалауын желбіреткен халықаралық білім бәйгесін биыл Тюмень мемлекеттік университеті ұйымдастырды. 34 елден 200-ден астам оқушы қатысқан додада зияткерлік мектеп атынан 3 оқушы бақ сынады. Олардың екеуі үшін олимпиада сәтті аяқталды.

«Бұл олимпиадада 4 сағатқа Data Mining Test (DMT) орындадық. Тапсырмаға сәйкес Геология, метеорология, мұхиттану, астрономия бағытында екі тәуелсіз тақырыптық зерттеулерді шешіп, оларды саралап беру керек болды. Білімдерімізді шындай отырып, білім көкжиегімізді кеңейте түстік», – дейді Жангерей.

IESO – бұл жер туралы ғылым бойынша әлем оқушыларының жарысы. Республикалық кезеңдерде оза шапқан жас геологтар әлемдік кезеңде білімдерін саралады. Пандемияға байланысты жарыс қашықтан ұйымдастырылып, оқушылар «good» (қола), «very good» (күміс), «excellent» (алтын) болып бағаланды.

«Бұған дейін жеңімпаздарға Назарбаев Университетінің оқу гранты тағайындалса, биыл Ресейдің ұлттық зерттеу институтының Жоғары экономика мектебінің білім грантын тағайындау конкурсына қатысу мүмкіндіктері болады», – дейді жетекшісі Мұхтар Әбілмаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<