Илон Маск банкротқа ұшыраған банкті сатып алмақ

503

0

Фото: ашық дереккөз

Tesla мен SpaceX-ті басқаратын және Twitter-дің иесі Илон Маск банкротқа ұшыраған Silicon Valley Bank-ті (SVB) сатып алу идеясын пысықтамақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, жақында әлеуметтік желіде Twitter компаниясына АҚШ-тағы Silicon Valley Bank-ін сатып алып, оны электронды банкке айналдыру туралы ұсыныс айтылған болатын. Өз кезегінде Илон Маск бұл идеяны қарастырып, талқылауға дайын екенін жариялады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, АҚШ-тың ірі банкі Silicon Valley салымшылар, технологиялық және венчурлық компаниялардың қызметкерлері ақшаларын қайтарып алу туралы шешім қабылдағаннан кейін, банкротқа ұшырады. Бұл – он жылдан астам уақыт бұрын қаржылық дағдарыстың шыңына жеткен Washington Mutual банкінің сәтсіздігінен кейінгі АҚШ тарихындағы екінші ірі банктің құлдырауы. Сондай-ақ, Silicon Valley ірілігі жағынан елдегі 16-орында тұрған банк болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<