Инфрақұрылым дамыса, іс ілгері басады

343

0

Қызылорда қаласының жылдан-жылға аумағы кеңейіп, тұрғындар қатары көбейіп келеді. Жаңа аудандар қосылып, тұрғын үйлер көптеп салынуда. Шаһардың ұлғайғаны жақсы, алайда ең алдымен инфрақұрылымды дамытпай, оны жаңаламай күнделікті тіршілікті жүзеге асыру мүмкін  емес. Ал бұрыннан бар ауызсу, кәріз су жүйелерінің тозығы жетіп ескірген.

Аса маңызды саналатын салаға модернизация керегі анық. Бұл ретте қолға алынған жұмыстар да аз емес. Мәселен, «Ауызсу, кәріз су жүйелері мен ғимараттарын жаңғырту», «Күрделі жөндеу» бағдарламаларының аясында ауызсу жүйелерінің жалпы 130,66 шақырымы, кәріз жүйелерінің 79,6 шақырымы және 27 КНС қайта жаңғыртылып жөндеуден өтті.

Қызылорда қаласындағы ауызсу және кәріз су желілерін жаңғыртуға, автоматтандыруға, инженерлік инфрақұрылымды жүргізуге республикалық және облыстық бюджеттен барлығы 3791,1 млн теңге бөлінген. Айталық, кәріз станцияларын қайта құру және жаңғыртуға респбликалық және облыстық бюджеттен 1 млрд 593 млн теңге, модульді биологиялық тазарту станциясын жаңарту және автоматтандыруға, электр және газбен жабдықтауға 1 млрд 634,1 млн теңге қаралған. Ал №13 «Гагарин» кәріз станциясын реконструкциялауға республикалық және облыстық бюджеттен 309 млн теңге бөлінді.

Сонымен бірге қаланың инфрақұрылымын дамытуға арналған тағы бірқатар жобалар  да  бар. Ол үшін тиісті министрліктерге құны 17 млрд 522 млн теңгені құрайтын 51 жоба ұсынылуда. Егер бұл жобалар мақұлданса, тұрғындар  көкейінде жүрген мәселелер шешімін табады.

Айсәуле ҚАРАПАЕВА,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<