Ирандағы жарылыстан 46 адам қаза тапты

305

0

Фото: ИРНА

Бүгін Кермандағы қалалық зиратқа апаратын жолдардың бірінде жарылыс болып, одан көптеген адам зардап шекті. Бұл туралы Kazinform IRNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бірінші жарылыс Қасем Сүлеймани бейітінен 700 метр жерде, ал екіншісі Керман зиратынан бір шақырым және қажылық жолынан тыс жерде болды.

Жедел жәрдем қызметкерлері жарылыстан зардап шеккен 70-тен астам задамның Кермандағы ауруханаларға жеткізілгенін, 46 адамның қайтыс болғанын хабарлады. 

БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Керман губернаторының қауіпсіздік жөніндегі орынбасары жолдағы екі жарылыстың лаңкестік әрекет екенін растады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<