Іскерлік кездесу өтті

458

0

Бүгін QazInnovations командасы өңірлік бизнес-инкубаторларды қолдау бағдарламасы аясында Қызылордаға келді.

Бұл бағдарлама өңірлердегі инновациялық белсенділікті ынталандыруға және жергілікті инноваторларды тартуға бағытталғанын еске сала кетеміз.

Алғашқы кездесу Қызылорда облысы бойынша «Атамекен» ҰКП директорымен өтті. Оған QazInnovations өнімдері мен қызметтері таныстырылды. Нәтижесінде инвесторлар және әлеуетті грант алушылар ретінде өңірдің бизнес-қоғамдастық өкілдерін тартуға келісілді.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бұған дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі жанындағы Технологиялық саясат кеңесінің отырысында бекітілген инновациялық саясатқа сәйкес MedTech, GreenTech және AgriTech салаларында бірнеше жергілікті инноваторларды ұсынғанын атап өткіміз келеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<