«Jas Otan» ЖҚ Қызылорда облыстық филиалының төрағасы сайланды

1135

0

Бүгін «Jas Otan» ЖҚ Қызылорда облыстық филиалының төрағасы болып Жорабек Медет Ерданаұлы сайланды.
«Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» ЖҚ Қызылорда облыстық филиалының кезектен тыс ХVІ конференциясы коронавирус пандемиясына байланысты онлайн режимде өткізілді.


Бейнеконференция жұмысына «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары А. Жарылқасынов , «Jas Otan» ЖҚ төрағасы Н. Жетпісбаев, облыстық кеңес мүшелері, жергілікті жастар саясаты мәселелері бойынша жауапты мемлекет орган өкілдері және аумақтық бөлімше басшылары қатысты.
Конференцияның қарауына ұсынылған бірінші мәселе бойынша «Jas Otan» ЖҚ ҚОФ төрағасы міндетін атқарушы А. Какарманова жыл бойына атқарылған жұмыстарына баяндама жасады.


Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша конференцияға қатысушылар «Jas Otan» ЖҚ ҚОФ төрағасы лауазымына осыған дейін ұсынылған Жорабек Медет Ерданаұлының кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.


Медет Ерданаұлы Қызылорда қаласының тумасы. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша білім алған. Осыған дейін жергілікті жастар саясатын жүзеге асыру бағытандағы жастар ұйымдарының жетекшісі қызметінде және Қызылорда қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де кеңесші қызметін атқарған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<