Энергия үнемдеу саласының үздіктері марапатталды

497

0

Бүгін елордада өткен IV халықаралық энергия үнемдеу форумында салаға еңбек сіңірген азаматтарға төсбелгі табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, энергияны үнемді пайдалану мен саланы дамытуға үлес қосқан азаматтардың еңбегі аталып өтіп, құрмет көрсетілді. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев 12 адамды «Энергия үнемдеу саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапаттады.

Олардың қатарында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов, «Energy Partner» ЖШС жобаларының бас инженері Евгений Кравцов, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аға оқытушысы, техника ғылымдарының кандидаты Серікболат Есенғабылов, «CSI Reseach & Lab» ЖШС жоба менеджері Виталий Пузий, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» компаниясы энергия тиімділігі және экологилық бағалау бөлімінің басшысы Дәмеш Бектәлиева, «Энергоэксперт и К» компаниясының атқарушы директоры, ҚР энергия аудиторлар, энергоменеджерлер, энергосарапшылар палатасының басқарма төрағасы Марат Есекин, қазақстандық энергоаудиторлар ассоциациясының атқарушы директоры, тәуелсіз сарапшы Әлия Ысқақова, Түркістан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Роза Сариева, «Қазхром» АҚ бас энергетигі Валерий Писарогло, Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты орталықтарының директорлары Д. Майдан, О. Қабденов және А. Сафиуллина бар.

Айта кетсек, бүгін елордада энергия үнемдеу мәселелеріне арналған халықаралық форум өтті.

Шара аясында 2023 жылы мемлекеттік энергетикалық реестр субъектілерінің 40 мыңға жететіні белгілі болды.

Сондай-ақ, отандық энергия үнемдеу саласында БҰҰ Даму бағдарламасының үш жобасы іске асатыны айтылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<