Экономика министрі жақын арада таза қазақша сөйлеуге уәде берді

208

0

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев ОКҚ-да өтіп жатқан брифингте қазақ тілін қалай үйреніп жатқанын айтты

«Қазақ тілін үйренуге күніне 1,5 сағат уақыт жұмсаймын. Жақын арада таза қазақша сөйлеуге уәде беремін. Ұлттық экономика министрлігінде маған қазақ тілін үйрететін қызметкер бар», деді ең жас министр.

Еске сала кетейік, 18 қаңтарда Мемлекет басшысының жарлығымен Ұлттық экономика министрі болып Әсет Ерғалиев тағайындалды. Әсет Ерғалиев – Үкімет мүшелерінің арасындағы ең жасы. Ол 34 жасында министр болды.

3 ақпанда ведомство басшысы ретінде Мәжіліс отырысына алғаш рет қатысқан Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев қазақша сұраққа орысша жауап бергені үшін депутаттан сөз естіді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз