Кабирхан жарыс жолына шығады

3688

0

сурет ашық дереккөзден

Дәстүрлі Dubai Racing Carnival жарысында бұл жолы топ жарған тұлпар иесіне 1,02 миллион дирхам ақшалай сыйлық берілмек. Қазіргі бағам бойынша бір араб дирхамы – 120 теңгеге тең болса, мәрені бірінші болып қиған ат иесі қанша қаржы алатынын есептей беріңіз.

Сонымен Кабирхан Дубайдағы Әлем кубогында дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы жылқылармен бірге бәйгеге түседі. Айтпақшы, беделді бәйгелерден кейін Кабирханға көз тіккендер көбейген. Ат иесі Тілек Мұханбетқалиевтің айтуынша, оны миллион долларға сатуға ұсыныс жасағандар болған.

Бұған дейін Дубайда өткен Al Maktoum Challenge турнирінің бірінші топтағы үздік аттар бәйгесінде мәреге дара келген Кабирханның қарсыластары қатарында былтырғы экс-чемпионы Мими Какуши және классиканың үздіктері Атлетико Эль Кулано, Клэптон, Фёрст Конститьюшен, Милитари Ло болды. Кабирхан таза қанды ағылшын тұқымы. Атақты Калифорния Хром атты сәйгүліктің ұрпағы. Ал Калифорния өз тарихында Дубай чемпионы болған тұлпар.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<