Кәсіби құзыреттілікті дамытуға бағытталған оқыту семинарлары өтуде

344

0

Фото: ИПК

«Өрлеу» филиалдары республика көлемінде білім беру ұйымдары педагогтерінің білім алушыларды ББЖМ-не қатысуға дайындау аспектісінде кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған оқыту семинарларын өткізіп жатыр.

Білім алушылардың білім жетістіктері мониторингіне қатысқан Сыр өңіріндегі орта білім беру ұйымдарының оқушыларды ББЖМ-ға дайындау бойынша мақсатты және жүйелі жұмыстарымен танысу мақсатында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Басқармасының курстан кейінгі қолдау және бағдарламалар департаментінің бас маманы Гүлдана Махамбетова филиалға іссапармен келді.

Жұмыс сапары кезінде филиалдың оқу кабинеттерін аралап, материалдық-техникалық базасымен танысты. Институт тренерлерімен кездесу барысында педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесін дамыту, біліктілікті арттыру курстарының сапасы, оқу бағдарламаларының мазмұны, желілік қауымдастықтың жұмысын дамыту, педагогтерге курстан кейінгі қолдау көрсету бойынша маңызды тақырыптар қозғалып, бірқатар ұсыныстар айтылды.

Кездесуден соң «Жалпы білім беретін мектептерде математиканың күрделі тақырыптарын оқытуды жетілдіру» тақырыбындағы математика пәні мұғалімдеріне арналған шеберлік сыныпқа қатысты. Шеберлік сынып орта мектептерде математика пәні мұғалімдерінің тәжірибесін жетілдіру және кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, тәжірибе алмасу, математикалық сауаттылық аясында мектеп оқушылары үшін қиындық туғызатын тақырыптарды игерту барысындағы үлгілі сабақтарды бірлесе талқылауға бағытталған.

Шеберлік сынып барысында филиал тренері Оразбай Орманов білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі нәтижесінде оқушыларға қиындық туғызған күрделі тақырыптар, облыс бойынша көрсетілген нәтижелерге баяндама жасады. Тақырыптардың ерекшеліктеріне талдау жасап, оқыту барысында қолдануды қажет ететін тиімді әдіс-тәсілдер жайлы мағлұмат ұсынды.

Сонымен қатар, тәжірибелі математика пәні мұғалімдері шеберлік сыныптарын көрсетіп, үздік жұмыстарын ұсынды. Әдістемелік көмек беру және тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған шеберлік сыныптың қорытынды бөлігінде филиал оқытушылары мен мұғалімдер арасында пікір алмасу жүргізілді.

Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (ББЖМ) қорытындысы бойынша Қызылорда облысы білім ұйымдарының алдағы уақытта жоғары нәтиже көрсетулеріне тілектеспіз!

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша
филиалының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<