Кәсіпкерлік – тұрақты қоғамның негізі

519

0

Бүгін «Nur Otan» облыстық филиалының мәжіліс залында онлайн режимде «кәсіпкерлікті қолдау» бағыты бойынша «Кәсіпкерлік – тұрақты қоғамның негізі» тақырыбында аймақтық кеңестің отырысы өтті.


Оған Кеңес мүшелері, партия филиалының қызметкерлері, облыстық кәсіпкерлік және туризм, облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының, «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығының, «Қадам маркет» ЖШС өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты.
Кеңес мүшесі Ғани Қарғабай алғыс сөз сөйледі. Ол кәсіпкерлік саласы жұмыспен қамту және халықтың әл-ауқатын арттыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Мемлекет бүгінде кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасап отыр. Бірақ соған қарамастан, пандемияның салдары әлі де байқалады, бұл бизнестің экономикалық белсенділігінің төмендеуіне айтарлықтай әсер етті. Әсіресе, экономиканың бөлшек және көтерме сауда, қонақ үй бизнесі, қоғамдық тамақтандыру секілді секторларына кері әсер еткенін айтып, алдағы уақытта кәсіпкерлікті қолдаудың тағы қандай тәсілдері мен құралдары белсенді пайдаланылауға болатынғы жөнін ортақ ой тастады?


Кеңес отырысында осы және басқа да сұрақтарға облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Тасқараев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ғалым Баимбетов жауап берді. Олар қатысушыларды кәсіпкерлікті қолдау шаралары және пандемия кезінде бизнес үшін жағдайды жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы құрылымдарына, мемлекет тарапынан жеке кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдау туралы хабардар етті.

Отырысқа қатысушылар өз ұсыныстарын ортаға салып, пікір алмасты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<