Кәсіподақ ұйымдарына жастарды тарту – заман талабы

1047

0

ҚР Кәсіподақтар федерациясының кезекті XXVI съезі бағыттың айқын, мақсаттың анық екенін көрсетті. Бес жылғы белес пен алға жоспарлар нақтыланды. 2021-2025 жылдарға арналған даму стратегиясы қабылданды.


Алғаш рет онлайн режимде өткен ауқымды жиында еңбек ұжымдары мен жұмыс берушілер арасында байланыс жүйесінің тиімділігі, аттестация өткізетін кәсіби бағалаушылардың институтын құру және өтемақылық үлгіден кәсіби қауіптерді басқаруға тез арада ауысу қажеттігі аталды.

Бұдан бөлек, еңбек адамының лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік диалогтың жаңа форматына ауысу жағдайларында еліміздегі кәсіподақтар қозғалысын дамыту векторлары анықталды.

Президент үндеуінде жастарды кәсіподақ ұйымдарына тарту мәселесі де қамтылғаны қуантады. Кезекті съезд алдағы жұмысқа серпін сыйлағаны сөзсіз.

Бауыржан МАСТЕКОВ,
Қызылорда облысы кәсіподақтар орталығы жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің төрағасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<