Кәсіпорын өкілдерімен кездесті

571

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев отандық автокөлік және арнайы техникалар өндірісімен айналысатын «АгромашХолдинг KZ» акционерлік қоғамы және «Сарыарқа Авто Пром» мен «QazTehna» серіктестігінің өкілдерімен кездесті.

Жиында презентация арқылы қоғамдық көлік, медицина, полиция, ауылшаруашылық салаларына қажетті арнайы техникалар таныстырылды.

Өз кезегінде облыс әкімі қала аумағында қатынайтын қоғамдық көліктердің санын көбейту, арнайы техникаларды алу жұмыстарын жүргізуде алдын ала талдау жұмыстарын жүргізіп, нақты қажеттілікті ескеру керектігін алға тартты.

Талқылау соңында аймақ басшысы өңірдің тұрмыс-тіршілігіне қажетті техникаларды жаңартудың маңыздылығына тоқталып, жауапты сала басшыларына техниканы алу жолдарын заң аясында қарап, нақты ұсыныс беруді тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<