«КамАЗ» айдап, ойран салған

780

0

5 қаңтар күні жаппай тәртіпсіздік кезінде қала тұрғыны бүлікшілермен бірге облыс әкімдігінің ғимаратына кіріп, «Камаз» әскери жүк көлігін тартып алып, өзі тізгіндеген.

Тартып алынған автокөлікпен қала орталығында орналасқан Жедел басқару орталығына қарасты бейнебақылау камераларын соғып, сындырған. Әрі қарай бүлікші облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы ғимаратының кіреберіс қоршауын сындырып, бүлікшілерге өз ойларын іске асыруға жол ашып беріп, өзі оқиға орнынан бой тасалаған.

Қазір аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 272-бабының 2-бөлігі (Күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлiктi жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сондай-ақ билік өкiлiне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражатты пайдалана отырып жаппай тәртiпсiздiкке қатысу) және 202-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен (Өрт қою, жарылыс жасау арқылы немесе өзге де жалпы қауiптi тәсілмен жасалған) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Дереккөз: облыстық полиция департаменті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<