Карантинде онлайн сауда күрт дамыды

523

0

Облыста кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар саны 97 мыңдай адам болса, оның 56 мыңы сауда саласында жүр. Сауда қызметкерлерінің күш-жігерінің арқасында бұл сала дамып, облыс бюджеті толықтырылуда және тауарлар мен қызметтердің түрлері кеңеюде. Дегенмен, пандемия сауда саласына көптеген өзгерістерді енгізді. Ішкі және халықаралық деңгейде сауда секторы шекаралардың жабылуы және жаппай карантин салдарынан зардап шекті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов мәлімдеді.

-Пандемия саудаға әсер етсе де, құлдырмайды.Қайта, карантин шаралары онлайн сауданың күрт дамуына үлес қосқан. Яғни, 2020 жылы электрондық сауда көлемі 1,5 млрд теңген құрап, 2019 жылмен салыстырғанда 4 есе өсім қалыптасқан. Бүгінде облыс аумағында 33 сауда базары, 150-ден аса сауда орталықтары мен 3 мыңнан аса үй жанындағы дүкендер тіркелген, – деді Фердоуси Әбілқасымұлы.

Айта кету керек, шілденің соңғы жексенбісі сауда қызметкерлері күні. Биыл ол 25 шілдеге келіп тұр. Кәсіби мереке тарихы 1699 жылдан басталады. Қазіргі уақытта мұндай атаулы күн Беларусь пен Украинада да аталып өтіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<