Кедендік операцияларды жасау уақыты қысқартылады

242

0

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Заң жобасының негізгі мақсаттары кедендік операцияларды жасау уақытын қысқартуға, ұсынылатын кедендік көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз етуге, сыртқы саудаға жәрдемдесуге, кеден органдарының ақпараттық жүйелерін одан әрі дамытуға негізделген.

Ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар, бірінші кезекте, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін қысқартуға және оларды электрондық форматқа көшіруге бағытталған. Бұл тауарларды сыныптау, құрастырылмаған түрдегі тауарларды сыныптау бойынша алдын ала шешімдер беру сияқты кедендік көрсетілетін қызметтерге қатысты. Бұдан басқа, зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімдерге енгізу процесі оңайлатылады.

Сонымен қатар, кеден органдарына тауарларды сыныптау бойынша қосымша функциялар беріледі, бірінші кезекте, тауарларды ЕАЭО ішінде орын ауыстыруға байланысты. Заң жобасының жекелеген түзетулері редакциялық дәлсіздіктерді жоюға және ЕАЭО Кеден кодексіндегі өзгерістерге сәйкес келтіруге бағытталған.


Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз