Кеңестің алғашқы отырысы

337

0

Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Нұрман Талқанбаевтың төрағалығымен кеңестің биылғы жылғы алғашқы отырысы өтіп, онда 5 мәселе қаралды.

Бірінші кезекте мемле­кеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қи­мыл заңнамаларының орында­луы, Әдеп кодексі бұзушылық­тары­ның профилак­тикасы бағы­тын­дағы атқарған жұмыстары туралы екі құры­лым басшы­сының есебі тың­далды.

Облыстық білім саласын­дағы бақылау департаментінің басшысы Ғалия Дәулетова есепті кезеңде мемлекеттік ба­қылау шаралары бойынша 20 ішінара тексеру жүргізілгенін хабарлады. Оның ішінде 11 мектеп пен 5 балабақша бар. Тексерулер нәтижесімен 24 әкімшілік іс қозғалып, 310 АЕК айыппұл салынған. 15 білім беру мекемесінің лицензиясы уақытша тоқтатылған. Соны­мен қатар, заңды және жеке тұлғалар өтініштеріне және 11 нұсқаулықтың орындалуына жос­пардан тыс тексеру өт­кі­зілген.

Былтыр 35 профилакти­ка­лық бақылау болып,  мем­лекеттік қызметті лицен­зия­­­лауға қатысты 99 өті­ніш түс­­­кен. Ғ.Дәулетова өзі бас­қа­рып отырған департамент білім са­пасын қамтамасыз ету де­пар­таменті болып қайта құ­ры­луы себепті бұрынғы міндеттерге бала­лар қам­тамасыз ету де қосылғанын жеткізді.

Облыстық жер пайдалану мен қорғалуын бақылау бас­қармасының басшысы Қай­рат Тоғызбаев сыбайлас жем­­қорлыққа қарсы іс-ша­ра­лар бе­­кітілген жоспарға сәйкес жүр­­гізіліп жатқанын мәлім­деді. Сонымен бірге өзі осы бас­қармаға басшылық еткен төрт жылдан астам уақытта ұжым мүшелері та­рапынан еш­қандай заң бұзу­шылық орын алма­ғанын жеткізді. Десе де иге­рілмей тұрған жер учас­келеріне қатысты әлі бірқатар мәселелер шешімін таппаған. Басқарма басшысы ауыл шар­уашылығы мақсатындағы жер­­лерді бақылау аудандық әкімдіктерге жүктелгенін айта келе, кәсіпкерлік мақсаттағы игерілмей тұрған учаскелердің иелері басқа облыстарда тұ­ратын болғандықтан кей­бір қиындықтар туындаға­нын түсіндірді. Мәселен, пай­даланылмай тұрған 46 учас­кенің 42-сі Бердіғожин және Даярова деген ерлі-зайып­тының атында. Негізінде ол жалпы аумағы 2-3 гектар ша­масындағы бір ғана учаске болған. Кейіннен бөлшектеніп, 42-ге бөлінген. Кәсіпкерлерге тексеру жүргізуге мора­то­рий жариялану себепті әзірге оларға қатысты шара кө­руге мүмкіндік жоқ. Бұл жө­нінде облыстық әкімдік, облыстық прокуратура хабардар.

Отырыста облыс әкімі ап­паратының Әдеп жөнін­дегі уәкілі Хамит Тарбақов есеп берді. Мұнан соң баянда­ма­шыға кеңес төрағасы мен мүшелері атынан облыстық әкімдіктің қызметтік көліктері жүрісіне мониторинг жасал­майтыны жөнінде қатаң сын ай­тылды. Түн мезгі­лінде не­месе демалыс күндері мем­лекеттік нөмірлі қызметтік көліктердің сауда үйлері жа­нында тұрғаны бірнеше рет көзге түскен. Бұл туралы әлеуметтік желілерде жария­ланып жатса да оған қатысты тиісті түсінік пен жауап берілмеген. Сондай-ақ, облыс­тық басқармаларда Әдеп кодексі мен Әдеп жө­нін­дегі уәкіл жанындағы ақпа­рат­­тар жаңартылмаған. Осы мәсе­ле­лерге байланысты Х.Тар­ба­қовқа жұмысты ширату жө­нін­де нақты тапсырмалар бе­рілді.

Отырыста Қазалы ауданы “Арықбалық” ауылдық окру­гі­нің әкімі Мәулен Қайрул­лаевтың тәртіптік ісі қаралды. Ол ау­дандық мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы қыз­метінде жүргенде Наурыз ме­ре­кесін өткізуге байла­нысты ақша жинауда түсін­бестік орын алған. Жинал­ған қаржыға тұр­мысы төмен отбасы­­лар­ға дастархан жайылып, ме­реке ұйымдастырылған. Жи­нал­ған ақшаны кабинетте беріп жат­­қаны бейнебақылау каме­расына түскеннен кейін, тиіс­ті мекеме қызметкерлері тара­пынан күдік тудырып, тексеріс жүргізіледі. Кейіннен ешқандай заң бұзушылық орын алмағаны анықталады.

Кеңес мүшелері мұндай ша­раларды ұйымдастыруды ұжымдағы кәсіподақ немесе басқа да қоғамдық ұйымдарға тапсыру қажеттігін ескертіп, кемшіліктер жібергені үшін “сөгіс” түріндегі тәртіптік жа­за белгіледі.

Кеңестің күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша Қы­зылорда қалалық жұмыс­пен қамту, әлеуметтік бағдар­ла­малар және азамат­тық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас­шысы Гүлмира Рахме­товаға бұ­ған дейін қолданылған тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алуға келісім беру жайы талқыланды. Әдеп жө­ніндегі кеңестің былтыр қазан­дағы өкімімен Г.Рахме­товаға “ес­кер­ту” түріндегі тәр­­тіптік жаза белгіленген бо­латын.  Бөлім бас­шысының со­дан бергі уақытта өз қызметін жақсы атқарып, атаулы әлеу­меттік көмек көр­сету жұ­мыстарын жоғары дең­гейде ұйымдастырғанын ескеріп, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бөлім басшысына таға­йындалған тәртіптік жазаны алып тастау жөнінде өтініш түсірген. Ке­ңес мүшелері тәр­тіптік жазаны алып тастауға бірауыздан келісімін берді.

Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<