Келісімдерге қол қою жоспарланған

289

0

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды. Мемлекет басшысын Ташкент халықаралық әуежайында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды.

Екі күндік сапар аясында Өзбекстан Президентімен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізу, бірқатар келісімге қол қою жоспарланған.

Мемлекет басшысы Өзбекстан Республикасы Президентінің Ташкенттегі «Куксарой» резиденциясының құрметті қонақтар аллеясында ағаш екті.

***

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапары барысында Ташкент қаласындағы Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.

«Янги Узбекистон» саябағында орналасқан монумент былтыр осы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай орнатылған. Ескерткіште өзбек халқының тарихындағы ең маңызды оқиғалар мен белгілі мемлекет қайраткерлерінің, қолбасшылары мен ғалымдарының бейнелері кескінделген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<