Кітап көрмесі

2011

0

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана фойесінде Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына орай «Наурыз дәстүрлері» атты кітап көрмесі өтті.

Көрменің мақсаты – наурыздың шығу тарихы мен маңыздылығы, халқымыздың ежелден желісі үзілмей жеткен салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары туралы кеңінен ақпарат беру, ұлттар мен ұлыстардың достастығын насихаттау, қазақ халқының мәдениетімен таныстырып, құрметтеуге үйрету.

Кітап көрмесі атаулы мерекенің шығу тарихын, маңыздылығын көрсететін әдебиеттерден басталады. Көктемгі көрісуден бастау алған амал мерекесі, ұлтымыздың салт-дәстүрлері туралы және ақ бата кітаптары көптеп қойылған. «Қазақ халқының қолөнері» атты бөлімде оқырмандар назарына халқымыздың ежелден келе жатқан ұлттық дәстүрлері, ұлттық қолөнеріміз бен киім кию әдебіндегі ерекшеліктер туралы әдебиеттер ұсынылған.

«Қазақтың халқының ұлттық тағамдары» атты бөлімде қазақтың ұлттық тағам түрлері, наурыз көженің дайындалу тәсілдері жинақталған әдебиеттер орын алған.

Соңғы бөлімге әлем елдерінің наурыз мерекесін тойлауы жайында қызықты мәліметтер қойылды.

Көрмеде жалпы саны 50 кітап, 10 мерзімді басылым ұсынылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<