Клопп Ливерпульден кеткеннен кейін жаттықтыруы мүмкін клуб белгілі болды

1325

0

Фото: ашық дереккөз

Маусым соңында «Ливерпульден» кететінін жариялаған неміс маманы Юрген Клопп итальяндық «Романы» басқаруы мүмкін, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

Ilmessaggero.it сайтының хабарлауынша, римдіктер қазіргі бас бапкер Даниэль Де Росси тұсында сенімсіз ойын көрсетсе, онда маусым соңында бас бапкерсіз қалады. Бұл ретте «Рома» басшылығы Клоппты жазда команданы басқаруға көндіруге тырысады.

Бұған дейін «Барселона» президенті Жоан Лапорта «Клоппты сатып алуды армандайды» деген ақпарат пайда болған еді. Осыған байланысты каталондықтар неміс маманына ұсыныс жасай алады.

56 жастағы Клопп «Ливерпульді» 2015 жылдан бері басқарып келеді. Ол «Қызылдармен» Ағылшын Премьер-Лигасын (2019/20), Англия Кубогын (2021/22), Лига Кубогын (2021/22), Англия Суперкубогын (2022), Чемпиондар лигасын (2018/19), УЕФА суперкубогын (2019/20) жеңіп алды. Сондай-ақ 2019 жылы клубтар арасындағы әлем чемпионатында топ жарды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<