Қалаға көмір келді

478

0

         Жыл басынан бері облыс көлеміне 20 мың тонна көмір жеткізілді. Ал бүгін 11 вагон қатты отын әкелініп сатылымға шығарылды. Тағы бірер күнде 3 мың 400 тонна жеткізілмек.

− Аймаққа 2022-2023 жылдардағы жылу беру маусымына жалпы жоспарланған 176 мың тонна көмірдің бүгінгі күнге 212 мың тоннасы жеткізілді. Бүгін «KHAS COM» жеке кәсіпкерлігінің көмір қоймасына 20 вагон Шұбаркөл көмірі келіп, 24 қаңтар күні таңертеңнен бастап 16 700 теңгеден сатылуда. Бұдан басқа, жолда 10 вагон көмір келе жатыр, – деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жоламанов.

Облыс көлемінде 36 жеткізуші оператор бар. Қазір көмір қоймасында кезектілік ретімен жұртшылыққа үлестірілуде.

Гүлбану МАҚАЖАН,

 «Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<