Көпке үлгі көше тұрғындары

627

0

Қазалы ауданында Жалдыбай жырау және Мұстафа Шоқай көшелері тұрғындарының ұйымдастыруымен «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» атты тағылымды іс-шара өтті.

Мақсаты – келместің кемесіне жайғасқан көше тұрғындарының рухын ұлықтап, құран бағыштау.

Танымдық шараға арнайы барған аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов көше тұрғындарының бұл ісі көпке үлгі екенін айтып, аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың жылы лебізін жеткізді.

Қазақта “Өлі разы болмай, тірі байымайды” деген сөз бар. Осы сөздің тереңіне бойлай білген Жалдыбай жырау және Мұстафа Шоқай көшелерінің тұрғындары өздерінің ауызбіршілігін көрсетіп, көпке үлгі боларлықтай іс жасап жатыр. Өмірден өткен жандардың жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын, – деген Дәурен Оңғарбайұлы көшенің ұйтқысы, абыз ақсақалы мен асыл әжесіне аудан әкімінің “Алғыс хатын” табыстады.

Мұнан соң қалың көпшілік көше тұрғындарының арасында өткен гір көтеру, арқан тартыс, қол күрес және қой көтеру сынды спорттық сайыстарға куә болды.

Жиын соңында аймақ жұрты шараға арнайы лебізін жеткізген аудан әкіміне алғыстарын айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<