Конституция

Көрсеткіштер сараланды

8

0

Кеше өткен мәжілісте облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, бюджет қаражатының игерілуі, аграрлық шаруашылық каналдарын бетондау, пайдалануға берілген әлеуметтік нысандарды теңгерімге қабылдау, инвестиция тартудағы өзекті мәселелер талқыланып, алдағы кезеңге арналған міндеттер нақтыланды.

Аймақ басшысы Мұрат Ергешбаев жауапты сала басшыларына алты айлық инвестиция жоспарын орындауды, өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған жаңа бастамаларды және инвестициялық жоба­ларды тиімді жүзеге асыруды тапсырды.

Облыстық құрылыс басқармасына, қала және аудан әкімдіктеріне статистика департаментімен бірлесіп құрылыс нысандарының есебін жүйелеу, айлық, тоқсандық және жартыжылдық статис­тикалық есептерді толық әрі уақытылы ұсыну міндеті жүктелді.

Бюджет қаражатын тиімді әрі толық игеру мәселесі де назардан тыс қалмады, жауапты басшыларға нақты тапсырма берілді. Жаңадан ашылған әлеуметтік нысандарды теңгерімге қабылдау және қабылдау актілерін рәсімдеуді бір апта ішінде аяқтау, аудандардағы спорт кешендерін заңнама талаптарына сәйкес аудан әкімдіктерінің теңгеріміне беру жайы да пысықталды.

Бұл тұрғындардың сұранысына сай тиімді жұмыс кестесін, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүйелейді, ма­териал­дық-техникалық қамтамасыз етуді жақсартады.

«СБ» ақпарат