Көше бір айға жабылады

409

0

Алматыда Шагабутдинов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы жылу жүйесі» кәсіпорнының мәліметінше, 2021 жылдың 21 тамызы мен 20 қыркүйегі аралығында Шагабутдинов көшесінде Қарасай батыр көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейін көлік қозғалысы жабылады. «Енгізілген шектеулер осы көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін магистральды құбырды қайта құру үшін қажет. Жергілікті тұрғындарға қолайлы жағдайды сақтау үшін үйлерге ыстық су уақытша схема бойынша берілетін болады»,- деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС баспасөз қызметі. Компания келтірілген қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұрайды. Сонымен қатар, жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<