Көшпелі көрме

280

0

Облыс орталығында С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында бүгін Алаш ардақтысы, күллі түркі әлемінің даңқты тұлғасы Мұстафа Шоқайға арналған «Рухани тоғысу. Жаңылмаған жүрек» тақырыбында тарихи-танымдық жылжымалы көрме өтті.

Шараға Астана қаласындағы Мұстафа Шоқай        атындағы №51 мектеп-гимназиясы бастамашы болды. Көрмеге мәдениет қызметкерлері, қала тұрғындары мен қонақтары, БАҚ өкілдері қатысты.

Көрменің ашылуына облыстық мәдениет және спорт басқармасының басшысы Мира Қазбекова, профессор, саяси ғылымдар докторы, белгілі қоғам қайраткері Әбдіжәлел Бәкір, М.Шоқай атындағы Астана қалалық №51 мектеп-гимназиясының директоры Динара Мұратова қатысып, сөз сөйледі.

– Есімі тарихта таңбаланған тұлғаның ұлт үшін атқарған қызметі орасан. Көрменің мақсаты жас буынды отаншылдыққа баулу, ұлтты сүю, таным көкжиегін кеңейту. Бүгін сол меже өз деңгейінде орындылды деп есептеймін. Ол саналы ғұмырында ұлтына қалтқысыз қызмет атқарған  қайракткер. Оның ұлт үшін жасаған еңбегі, өнегелі өмірі уақыт өткен сайын ұрпақ санасында жаңғыра бермек, – деді Әбдіжәлел Бәкір.

Көпшілік назарына Мұстафа Шоқай мен жұбайы Мария Шоқайдың отбасылық суреттері, жазбалары, хаттары мен сия сауыты, қауырсын қаламы, өзі пайдаланған портативті машинкасы және елуге жуық экспонат қойылды.  

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<