Колледж бен ЖОО-ның бірінші курс студенттері штаттық режимде оқиды – Алексей Цой

339

0

ІІІ тоқсаннан бастап бітіруші сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) аралас оқытуға көшеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар орталығында өткен елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Пандемия кезінде еліміздегі оқу орындары оқу процесін қайта қарады. Өздеріңіз білесіздер, оқу жылы басталғалы балалар қашықтан білім алуда, тек 1-5 сыныптар мен 180 оқушысы бар мектептер офлайн режимде оқыды, ал ІІ тоқсанда 300 оқушысы бар мектептер дәстүрлі оқыту форматына ауысты, 1-ден 5-сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін кезекші сыныпта оқуға рұқсат етілді», – дейді ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Сондай-ақ, ол ІІІ тоқсаннан бастап бітіруші сыныптарға (9, 11 (12) сыныптар) аралас оқытуға көшетінін айтты.

«Ал колледж бен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттеріне оқу жылының екінші семестрінен бастап штаттық оқытуға рұқсат етіледі. Оқу жылының басынан 3 972 оқушы КВИ жұқтырды, оның 1047-і кезекші сыныптарда оқитын бала, бұл офлайн режимде білім алушылардың жалпы санының 0,1% (840 623 бала кезекші сыныптарда оқиды), 2925 қашықтықтан білім алатын бала (0,1%, 2 563 995 бала қашықтан оқиды)», – дейді ол.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз