Комиссия отырысында маңызды мәселе талқыланды

639

0

​Қала әкімінің орынбасары Жанмұрат Сейіловтың төрағалығымен Қызылорда қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссияның күн тәртібінде 6 мәселе қаралып, кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарының
ата-аналық мiндеттерiн орындаудан жалтарып, олардың құқықтарын теріс пайдалануына байланысты ата-аналық құқықтарын шектеу, девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернатына жолдау, баласынан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқықтарын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

​Комиссия төрағасы Жанмұрат Жақсымұратұлы кәмелетке толмағандардың профилактикасын күшейту мақсатында сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

​Комиссия тарапынан кәмелетке толмағандардың мәселесі бойынша балалардың пікірлері ескеріліп, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында тиісті шешімдер қабылданды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<