Комиссияның кезекті отырысы

467

0

Сейсенбіде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті. Оған облыс әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдары мен салалық басқармалардың басшылары қатысты.

Отырыстың күн тәртібінде аудандық терроризмге қарсы комиссиялардың, сонымен қатар Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерімен ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстардың нәтижелері туралы сұрақтар қаралып, сала бойынша жұмыстарды жетілдіруге бағытталған ұсыныстар талқыланды.

Сондай-ақ, Қызылорда қаласы және Қазалы ауданы әкімдерінің есептері тыңдалып, әкімдіктер мен мемлекеттік орган басшыларына бірқатар тапсырмалар берілді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<