Коммуналдық мәселелер туралы сұрақ көп

895

0

Тұрғындар тарапынан көтерілетін өзекті мәселелердің қатары коммуналдық салаға бағытталатыны жасырын емес. Әйткенмен, қаланың тыныс-тіршілігін қамтыған салаға қатысты жұмыстар жүйелі жүргізіліп, түрлі мәселелер күнделікті шешім табуда.

Қызылорда қаласындағы коммуналдық салаға жауапты мамандардың жедел әрекетінің және түрлі бағыттағы кездесулердің сеп болуымен тұрғындар өздеріне тиесілі проблеманың шешім табуына мүмкіндік алуда. Мәселен, «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалының ұйымдастыруымен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлім басшысының орынбасары Абзал Рысбекұлы қала тұрғындарымен онлайн бағытта байланысқа шықты.

Тікелей эфир арқылы өткен бұл онлайн кездесу барысында Қызылорда қаласының тұрғындары әртүрлі мәселелерді ортаға салды. Талқыға түскен проблемалар қоғамдық көліктегі тасымалдаушылардың сапалы қызмет көрсетуіне, жол жөндеу жұмыстарына, балалар және спорт алаңдарына, қала тазалығына және кәріз су мәселелеріне бағытталды.

Тікелей байланыс арқылы көтерілген сауалдарға маман тарапынан жауап беріліп, бірқатары шешім тапты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<