Коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істейді

253

0

Фото: Қала әкімдігі

26 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады. Қала әкімі Асылбек Шаменов жедел жиында жауапты сала басшыларына ықтимал төтенше жағдайларға жедел ден қою және мереке, демалыс күндері кезінде мүмкін болатын штаттан тыс жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша уақытылы шаралар қабылдауды тапсырды.

Коммуналдық қызметтерді ұсынуда мәселелер туындаса, жедел қызметтердің мына телефондарына хабарласуға болады:

Жылумен жабдықтау бойынша Қызылорда жылу электр орталығының диспетчерлік қызметі: 25-00-70, 109.

Сумен жабдықтау және кәріз жүйесі бойынша «Қызылорда су жүйесі» МКК-ның диспетчерлік қызметі: 23-04-45, 23-00-42, 8 777 004 98 88, 109.

Электрмен жабдықтау бойынша қалалық электр тарату торабының диспетчерлік қызметі: 23-56-41, 40-06-60, 109.

Газбен жабдықтау бойынша «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік бөлімшесінің 104 апаттық қызметіне хабарласу қажет.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<